Деректерді жүктеу...
мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерінің жалдау келісімдерінің тізімі
Анықтама
Деректерді жүктеу...
Осы бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мемлекеттік мекеменің (мемлекеттік кәсіпорынның) әкімшілігі Қазақстан Республикасы азаматтарымен жасаған жалдау (қосымша жалдау) шарттарын есепке алу үшін арналған.
Бұдан басқа тұрғын үйді жалдаушылар олармен жасалған жалдау (қосымша жалдау) шарттары бойынша ақпаратын, атап айтқанда шарт талаптарын, осындай шарт бойынша есептеулерін, өсімақыны және мемлекеттік бюджетке түскен төлемдерін қарай алады.
Тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарттары бойынша дерекқорға қолжетімділік Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген электрондық цифрлық қол таңбасы бар болу кезінде мемлекеттік тұрғын үйді жалдаушыларға (уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне) беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамға берілген уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша өтінімі (өтінім бланкісін көшіріп алу) негізінде дерекқорға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Тұрғын үй қорының объектілерін жалдау бойынша бизнес-үдеріс
Generated in 84ms