Деректерді жүктеу...
мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерінің жалдау келісімдерінің тізімі
Жалға алушы бойынша анықтама
Деректерді жүктеу...
Осы электрондық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларының 12-тармағын орындау үшін жергілікті атқарушы органның Мемлекеттік мүлік тізілімінде тіркелетін тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бойынша мәліметтерді жеке тұлғаның ЭЦҚ-ны пайдалана отырып алуға арналған.
Анықтамалық. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген, Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының 12-тармағына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін әскери қызметшілерге тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянат беріледі. Бұл ретте, баянатқа баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған жергілікті атқарушы органның (әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы) анықтамасы қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген, Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, ақшалай өтемақы төлеу үшін алушы белгіленген тәртіппен, баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған, жергілікті атқарушы органның (әскери қызметшінің және оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы) анықтамасын ұсынады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының 22-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тұрғын үй төлемдерін тағайындау үшін қызметкер қызмет өткеру орны бойынша мекеменің тұрғын үй комиссиясына коммуналдық тұрғын үй қорынан, баянат тіркелген күнге дейін он күнтізбелік күн ішінде отбасы құрамы бойынша алынған анықтамасын ұсынады.

Қалай мәліметтерді on-line режимінде алуға болады:
  • 1. Мәліметтерді алушының (лардың) ЖСН-ін (лерін) (өзі үшін; баласы үшін) көрсету.
  • 2. Ақпаратты алушының ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбасымен) сұрау салуына қол қою.
  • 3. Сұрау салу қорытындыларын анықтама түрінде алу.
Ескертпе:
Пайдаланушыда тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты болған және мемлекеттік мүлік тізілімінде ол бойынша мәліметтер болмаған жағдайда, пайдаланушы тұрғын үй орналасқан жердегі мемлекеттік мекеменің (мемлекеттік кәсіпорынның) әкімшілігіне және/немесе жергілікті атқарушы органға Қағидалар нормаларының орындалмау себептері туралы тиісті түсініктемелер алу үшін жазбаша өтініш жасауы қажет.


• Шаг 1

Деректер жинау

Шаг 2

Деректерді толтыру

Шаг 3

Сұрау салудың қолы

Шаг 4

Сауалдың нәтижесі



Ақпаратты сұрату
* белгіленген өрістер толтырылуға міндетті
Generated in 72ms